Аңдатпа

Қазақстанда 13 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан агенттігі 13 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 14-15 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз
Sputnik

13 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Қазақстан-Бельгия матчы. Квалификация аясындағы алғашқы кездесу Брюссельде 3:0 есебімен Бельгия құрамасының жеңісімен аяқталды. "Астана-Арена" стадионындағы қарымта ойында Михал Билектің шәкірттері лайықты футбол көрсетіп, қарсыласынан ұпай алуға тырысады. ("Астана Арена" стадионы, Тұран көшесі, 48).

АЛМАТЫ

08.00 – Алматы жартылай марафоны, бұл Алматы марафонына дайындықтың келесі кезеңі. (Тұңғыш президент саябағы. Байланыс телефоны: +7 (727) 311 5185).

09.00 – Almaty Challenge жарыстар сериясының соңғы 4 кезеңі (Алматы ипподромы, Омарова көшесі, 10А).

14 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған "Стандарттау және экспорт: Қытай нарығына жол" форумы. Семинардың негізгі тақырыптары: Қытайдағы техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау; Қытайға экспорт алгоритмі: тамақ өнеркәсібі. (AstanaMarriottHotel, Достық көшесі, 2. Байланыс телефоны: +7 701 730 73 33).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

11.50 – Қызылорда облысында орналасқан "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндірістік нысандарына пресс-тур. Көшпелі шарада "Семізбай-U" ЖШС, "Солтүстік Хорасан-U" БК" ЖШС, "Байкен-U" ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия, уран кендерін өндіру процесімен танысу, сонымен қатар атом өнеркәсібі сарапшыларымен кездесу жоспарлануда. (Байланыс телефондары: +7 775 809 5000, +7 (7172) 72 80 62).

15 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкология саласындағы лидерлердің дүниежүзілік саммиті. 2019 жылғы саммиттің тақырыбы – "Қатерлі ісік және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту". Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген 350-ден астам лидер қатысады. Бұл жоғары қызметтегі әлемдік лидерлер, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және әлемдік БАҚ өкілдері. Форум үш күнге созылады. (Hilton Expo Hotel және "Expo Астана" конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 701 705 78 76).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.