Қоғам

Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді

Ресейлік журналист, жазушы, тарихшы Леонид Млечин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мінезі және достарымен қарым-қатынасы туралы айтты
Sputnik

МӘСКЕУ, 9 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ресейге президент ретіндегі алғашқы сапары кезінде бейресми кездесу өткізген адамдардың бірі -  Леонид Млечин.

Өткен аптада Sputnik Қазақстан Тоқаевтың ескі досы – ресейлік дипломат Евгений Бажановтың эксклюзивті сұқбатын жариялаған болатын.

Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді

"Мәскеуге келген кезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Евгений Бажановпен неге кездескені түсінікті. Олар бұрыннан бері дос. Ал маған келер болсақ... Мен Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтын адаммын деуге болады. Сондықтан Қазақстан президенті менімен кездескен болар",-  деді Леонид Млечин.

Леонид Млечин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың таныстығына да біраз жылдың жүзі болған. Оларды кезінде Қытайдағы кеңес елшілігінде Тоқаевпен бірге жұмыс істеген қытайтанушылар таныстырса керек.

Млечин өзінің күнделігінде қазіргі Қазақстан президентімен алғашқы кездесу туралы жазған.

"Тоқаев – Қазақстан сенатының төрағасы, бұрынғы сыртқы істер министрі, үкімет басшысы. Кездесуден кейін керемет әсерде қалдым. Ұзын бойлы, бет-әлпеті ерекше, интеллигент, киім киісі де мінсіз. Жазушының баласы, көп оқиды. Өзі де бірнеше еңбек жазған".

Леонид Млечин Назарбаев туралы кітап жазған. Сол кезде Қазақстанның дамуына Тоқаевтың қосқан үлесін де зерттепті.

Журналист Қазақстан президентінің ерекше қасиеті туралы да айтып берді. Оның айтуынша, Тоқаев ескі достары мен әріптестерін ұмытпайды. Уақыттың тығыздығына қарамастан, олармен үнемі кездесіп, көмектесіп тұруға тырысады.

Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді

"Достармен жақсы қарым-қатынасты сақтау, өмірден озған достардың артында қалған отбасына көмектесу – кез келген адамның бойында болатын қасиет емес. Кезінде Евгений Примаков та мені өзінің осындай қасиетімен таңғалдырған еді", -деді ресейлік жазушы.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген кезде Млечин оның билікке уақытша келмегенін нақты айтқан.

"Мен Қазақстанның жаңа президентін де ерекше құрметтеймін. Ол өзінің ел алдындағы міндетті түсінеді ", - дейді Млечин.