Оқиға

Алматыда ірі жол апаты болды – фото

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Екеуінің жағдайы ауыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 9 қазан — Sputnik. Алматыда "Рахат" базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан.

Алматыда ірі жол апаты болды – фото

Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.

Алматыда ірі жол апаты болды – фото

Апат салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады

Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеуде. Жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.