Қоғам

Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды

Полицейлер адамдарды алдап, қылмыстық істі жеңіл санатқа ауыстырамыз болмаса жазаны жеңілдетеміз деп пара алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Полиция майоры, Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы және аға лейтенант, Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы күдіктінің ісін неғұрлым жеңіл санатқа қайта саралау желеуімен 1 250 000 теңге ақшасын иемденгені үшін Алматы қаласында сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұдан бөлек, Қарасай ауданы полиция басқармасы тергеушісінің қылмысы әшкереленді.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды

Ол басқа тергеуші жүргізіп жатқан қылмыстық іс бойынша бас бостандығын шектеуге байланысты жазаны ауыстырамын деп алдап, біреудің 2,5 миллион теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткен.

Бұл фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейін сот анықтап, шешім қабылдайды.