Саясат

Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады

Ғалым Байжанов 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Байжановты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды",  - деп жазылған ресми хабарламада.

Ғалым Байжанов кім?

Ғалым Байжанов 1963 жылы туған. Ол "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Генерал-лейтенант ақпан айында сыртқы барлау қызметіне қайта оралған еді.