Саясат

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей федерациясының президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.

"Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті", - деп жазылған Ақорда сайтында.

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.

Омбыда өтетін форум

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық форумы шекара маңындағы екі елдің қалаларында кезекпен өткізіледі. Өткен жылы мемлекет басшылары Петропавл қаласында кездесті. 

XVI форум Ресейдің Омбы қаласында өтеді. Форум ұйымдастырушылары: Ресейдің экономикалық даму министрлігі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі. Росконгресс қоры қолдау көрсетеді.