Мәдениет

Қазақстанда Ресей мәдениеті күндері басталды

Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениеті күндері басталды. Осы тақырыптағы концерттер, көрмелер ұйымдастырылып, кино көрсетіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениті күндері басталды. Белгілі ресейлік әртістер "Несвятые святые" әдеби-музыкалық композициясын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Несвятые святые" бағдарламасын Людмила Зыкина атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары  ансамблі мен Сретенский монастырінің хоры орындады.

Қазақстанда Ресей мәдениеті күндері басталды

Ашылу салтанатына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Дюжев, сценарист және режиссер Оксана Шелест, РКФСР халық әртісі Александр Голобородько және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Алексей Кузнецов та қатысты.

Қазақстанда Ресей мәдениеті күндері басталды

"Біздің мәдени әріптестігіміз екіжақты дамып келеді. Осы жылдың күзінде Санкт-Петербургтегі Мариинский театрына "Астана Опера" гастрольдік сапармен барады. Ал келесі жылы "Астана Опера" Мәскеудегі Үлкен театрда өнер көрсетеді деп сенемін. 2020 жылы Қазақстанда Горький атындағы МХАТ, Вахтангов атындағы театр гастролі мен Эрмитаж жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырылатын болады", - деді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

Елші Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскийдің құттықтау сөзін оқыды.

Қазақстанда Ресей мәдениеті күндері басталды
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Ресейдің мәдениеті Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.