НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеме жасады.
"Жеңгенімді сеземін. Мұны бүкіл МСГ (Madison Square Garden) көрді, бүкіл әлем көрді. Өкінішті, кеше біртүрлі жағдай болды. Мені қолдап жатқандардың барлығына көп рахмет!" - деп жазды Деревянченко Instagram-да.
Кейінірек Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс титулдық жекпе-жек алдында шәкіртінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті – Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Естеріңізге сала кетейік, Деревянченко бұл кездесуде бірінші раундта нокдаунға түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Головкин реваншқа дайын екенін мәлім етті.