НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Украинаның "Львов" әуежайының маңында Ан-12 ұшағы құлап, төрт адам көз жұмды.
Жанармай бітіп қалғандықтан, экипаж шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Апат чартерлік рейсті орындау кезінде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам қайтыс болды. Жанармайдың бітіп қалуына байланысты апатты жағдайда қонған. Оқиғаны тергеу басталды", - деп жазды Владислав Криклии әлеуметтік желіде.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Украинаның инфрақұрылым министрлігінің басшысы қаза тапқандардың туыстары мен достарына көңіл айтты.
"Канелоның" жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады