Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге XVI "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына барған болатын. Ол жыл сайын 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ядролық қарусыз әлемді қолдайтынын атап өтті. Ол ядролық қаруға ие болу қауіпсіздікке кепіл бола алмайды деген ойын жеткізді.
Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Бұл сөзден кейін Ресей президенті өзінің әзілін айтты. Биыл "Валдай" клубының отырысына 37 елден 140 сарапшы қатысты. Толығырақ видеодан көре аласыз.