Қоғам

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға не жазғаны белгілі болды

Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталған, өтініш көне славян тілінде жазылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды. Онда қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған.

Хат осыдан үш ғасыр бұрын жазылған. Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдапты. Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталған. Ақтөбелік мамандар оның көшірмесін алып, зерттеп жатыр, деп хабарлады КТК.

Қазір ең алдымен хат мәтінін аудару керек. Себебі, екі жүз беттен тұратын өтініш көне славян тілінде жазылыпты. Хан хатында шаһар салудан басқа ұлы Ералы туралы да айтады.

Тағы оқыңыз: Кенесары ханның кісесі табылды

Сондай-ақ, ханның ұсынысын патшайым да қолдаған сияқты. Қазір Әбілқайырдың айтуымен нақты қай қаланың бой көтергені белгісіз. Мамандар Ор немесе Орынбор болуы мүмкін деген болжам айтады.

"Біздің пайымдауымызша, Әбілқайыр ханның қала сұрауы Орск немесе қазіргі Орынбор қаласындағы Берск қамалы орнына салынған Берск қалашығы деген ойымыз бар. Құжат болғандықтан, оны әлі зерттеу керек", - дейді Ақтөбе облыстық архивінің ғылыми қызметкері Нұрлан Есетов.