Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге барды

"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге барды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаетың  Ресей президенті Владимир Путинмен  кездесуі жоспарланған.

"Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады", - деп жазды Уәли.

Пленарлық сессиядағы Қазақстан президентінің сөйлеген сөзін "Хабар 24" телеарнасынан астана уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көруге болады (нақты уақыты қосымша хабарланады).

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстанның экономикасына алаңдаушылық білдірді

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Иордания королі ІІ Абдалла және Филиппин президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.