НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде Ресей президенті Владимир Путин екі елдің әріптестігі жақсы дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Екіжақты байланыс мәселесін жан-жақты талқылаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біз сізбен бұл мәселені әрдайым талқылаймыз, бұған мүмкіндігіміз бар", - деді Путин.
Ресей президентінің айтуынша, екі елдің байланысы барлық бағыт бойынша сәтті дамып келеді. Ол Қазақстан мен Ресейдің байланысты дамыту саласында бірлескен жобалары бар екенін де атап өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге барған болатын. Форум әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны Ақордаға шақырды
Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың мүмкіндіктері және Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады.