Қоғам

Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады

Кейбір ғалымдар қызыл етті көп жеген адам рак ауруына шалдығуы мүмкін десе, ғалымдардың екінші тобы еттің денсаулыққа зиянын болмашы ғана деп есептейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Ғалымдар қызыл ет пен өңделген еттің адам денсаулығына қаупі туралы бір тұжырымға келе алмай отыр.

Зерттеушілердің халықаралық тобы қызыл және өңделген ет рак ауруын тудырады деген қорытынды шығаруға дәлелдер жеткіліксіз деп санайды, деп жазады Metro.

Ғалымдар 54 мыңға жуық адам қатысқан 12 сынақтың нәтижелеріне талдау жасаған. Олар ет пен жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, қатерлі ісік арасындағы алаңдаушылық тудыратын байланысты анықтамаған. Дегенмен, зерттеу нәтижесі еттің зиянын дәлелдеген бұған дейінгі жұмыстарды жоққа шығармайды. Сонда да мамандар еттің адам денсаулығына қаупі болмашы ғана деп отыр.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

Бірақ басқа ғалымдар бұндай қорытындымен келіспейді. Бүкіләлемдік ракты зерттеу қорының (WCRF) сарапшысы Джиота Митроу жаңа зерттеу адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.

WCRF және тағы басқа бірқатар халықаралық ұйым аптасына үш рет қана қызыл ет жеуге және өңделген еттен мүлдем бас тартуға шақырады.

WCRF/AICR сарапшыларының мәлімдеуінше, қызыл ет пен өңделген етті көп жеген адамның ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғарылайды.