НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек — Sputnik. Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен №49 орта мектептің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Ол қала тұрғынына мектепке математика мұғалімі етіп жұмысқа орналастырамын деген уәде берген. Алаяқтық жолымен 500 мың теңге сомасында ақша алған", - деп жазылған хабарламада.
Ол іс жүзінде бұл кезде мектеп директоры қызметінен босатылған болатын.
Тағы оқыңыз: "Таразда кездесейік деді": студент қызды алдап соққан декан ұсталды
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі анықталып жатыр.