Ресейдің Краснодар қаласының дәрігерлері алты айлық америкалық сәбиге көмектеспек. Жақында ол анасымен Ресейге барады.
Сәби Бэтменнің масқасына ұқсас меңмен туған. АҚШ-та Лунаға сексен ота жасау керек екені айтылған. Олардың жалпы құны шамамен жарты миллион доллар. Ресейлік онкологтар сегіз операция жеткілікті деп отыр. Олар Лунаның анасына өздері хабарласқан.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер "гауһар таспен" жылайтын қыздың сырын түсіне алар емес – видео
Әлем Луна туралы интернеттен білді. Оның анасы инстаграм әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қызының сырқаты туралы жазған. Ол Лунаның диагнозы туралы толық ақпарат берді.
Өйткені оның жағдайы ерекше. Сәбилер мұндай меңмен өте сирек туады.