Қоғам

Мұндай дертке шалдығу қаупі 35 жастан кейін артады  – дәрігерлер дабыл қақты

Дәрігерлер адамдардың дені қан қысымының нормасына бейжай қарайтынын айтады. Кесірінен артық жүк үнемі жүрекке түседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. 35 жастан асқан әрбір адам салмағы, қан қысымы, холестерин мен қандағы глюкоза деңгейіне мұқият болуы керек. Егер бұл көрсеткіштер нормадан асып кетсе, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдығу қаупі артады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұдан бөлек, мықынның өлшемін білген де жөн. Ол әйел адамдарда 85 және ерлерде 95 сантиметрден артық болмауы керек. Бұл көрсеткіштен асып кетсе де, жүрек-қантамыр дерті болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Психолог жұмыстағы күйзелістің несімен қауіпті екенін айтты

Дәрігерлер бұл сырқатқа шалдыққандардың дені ауруды дұрыс емдемейтінін айтады. Олар қан қысымының нормасын сақтамайды. Кесірінен артық жүк үнемі жүрекке түседі.

Айта кетейік, бүгін, 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтеді.