НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды.
Қонақтар арасында қып-қызыл төбелестен 3 адам ауыр жараланған. Оларға пышақ ала жүгірген күдіктіні тәртіп сақшылары көп ұзамай қолға түсірді, деп хабарлайды КТК.
Тағы оқыңыз: "Не деген көргенсіздік!". Белгілі қазақ этнодизайнері бүгінгі тойдың кемшілігін атады
Тойдағы төбелес таспаға түсіп қалған. Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты. Қып-қызыл төбелес мейрамхананың көлік тұрағында жалғасқан. Ақыры пышақ ала шыққан қонақтың бірі ерегісіп тұрған топқа қарай тап береді. Соның салдарынан 3 адам ауыр жарақаттанған.
"Біреуінің халі нашар", - дейді дәрігерлер. Пышақ оның өкпесіне тиген екен.
"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осы тәріздес қылмыспен құқық қорғау органдарының көзіне түсіп сотты болған", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.