Әлем

Қызды ұшаққа кірерден алдын хиджабын шешуге мәжбүрледі

Қыз сквоштан АҚШ құрамасының басқа мүшелерімен бірге ұшаққа отырмақ болған, бірақ оны әуежай қызметкерлері тоқтатқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Мұсылман қыз ұшаққа кірерден бұрын орамалын шешуді талап еткен Air Canada әуе компаниясының қызметкерлеріне шағымданды, деп жазды Independent.

12 жастағы спортшы Фатима Абдельрахман сквоштан Құрама Штаттар құрамасымен бірге Сан-Францискодан ұшуы тиіс болған.

Тағы оқыңыз: Психоаналитик қызына хиджаб кигізетін ата-ананың неге олай істейтінін түсіндірді 

Ол кедендік бақылаудан өткеннен кейін әуе компаниясының қызметкерлері оның бет-әлпеті паспортта басқаша екенін алға тартып, хиджабын шешуді өтінген.

Қыз әйелдер ғана болатын бөлмеде шешетінін айтқанда, оған олар көнбеген.

"Менің хиджабымды шешу – кез келген киімді шешу секілді емес. Бұл денемнің бір бөлігін алып тастағанмен бірдей. Хиджаб – менің бір бөлігім", - деді Фатима кейінірек.

Twitter-де қыздың әпкесі бұл туралы жазғаннан кейін оқиғаның мән-жайы анықталды.

Америка-ислам қатынастары кеңесі Air Canada компаниясынан қыздан кешірім сұрауды және кемсіткені үшін өтемақы төлеуді талап етті.