Қоғам

Танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы көз жұмды

Руслан Күзденбаев 35 жасында дүниеден озды, қазаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ол Қазақстанда эксперт-нумеролог ретінде танымал болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Ресейге танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы Руслан көз жұмды. Бұл туралы Клара Күзденбаева Instagram парақшасында жазды.  

Қаралы хабарды естіген қазақстандық танымал медиа тұлғалар Клара Күзденбаеваға көңіл айтып жатыр.

Қазаға не себеп болғаны хабарланған жоқ. Руслан Күзденбаев 15 жылға жуық нумерологиямен айналысты, Мюнхен парапсихология институтында курстан өтті, Үндістанда оқыды. Оның артында әйелі мен бір жасар ұлы қалды.

Клара Күзденбаева – психология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы президенті іс басқармасы жанындағы Халық шаруашылығы академиясының түлегі. Ол Надежда Бабкина, Любовь Успенская, Тамара Гвердцители секілді көптеген Ресей шоу-бизнесі жұлдыздарына кеңес берген.