Видео

"Бәрі мені Путин дейді": президенттің қырғыз "егізі" қалай тұрып жатыр – видео

Қырғызстанның Джалал-Абад облысы Созақ ауданы Сафаровка ауылының тұрғыны Медетбек Абжапаровты ауылдастары Путин-аке деп атайды
Sputnik

Медетбек Абжапаров жазда тракторшы болып жұмыс істейді - ол шаруаларға астық жинауға көмектеседі, ал қыста Джалал-Абадта такси жүргізуші болып еңбек етеді.

Владимир Путин мемлекет басшысы болғанда-ақ, Медетбектің сыныптастары оның Ресей президентімен ұқсастығын байқаған.

Медетбектің достары бұны ойынға да айналдырады. Бірде екі досы "президенттің оққағарымыз" деп оның қасында жүрген екен.

Барлық сыныптасым мені "Путин" дейтін, ал қазір ауылдастарым солай атайды. Көбі менің шын атымды ұмытып кеткен сияқты, дейді Медетбек.

"Жергілікті такси жүргізушілері: "Путин-аке келді!" - деп, жолаушылар келгенде мені кезексіз өткізіп жібереді. Қала тұрғындарының көбі таңғалып, менің ұлтымды сұрайды", – дейді Абжапаров.

Медетбек Абжапаров саясатқа көп қызықпайды. Дегенмен Ресей басшысымен ұқсастық оны жауапты болып, кез келген істі соңына дейін жеткізуге міндеттейді.

Ол Путинді үлгі тұтады, оның арманы – президентпен кездесу, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.