НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Үндістанның Раджастан штатында төрт аяғы және үш қолы бар сәби дүниеге келді, деп хабарлайды The Mirror.
24 жастағы жергілікті тұрғын жүктілік кезінде бірде бір рет дәрігерге қаралмаған. Қызбен бірге оның егіз бауыры да дүние есігін ашты. Ұл баланың жағдайы жақсы.
Дәрігерлердің пікірінше, әйел үшемге жүкті болған. Мамандар отаның көмегімен сәбидің артық аяқ-қолын алып тастамақ.
Қазір қыз бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, маңызды органдары өзгеріссіз жұмыс істеп тұр.
Жақын арада нәрестені анасымен бірге Джайпур қаласындағы орталық аурухананың жанындағы балалар хирургиясы бөліміне ауыстырады.