НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Елордалық полицейлер екі жұма бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"20 қыркүйек күні сағат 13:30-да полицейлер "Қарқаралы" тас жолының бойынан, "Қосшы" ауылына жақын маңда жоғалып кеткен Ә.Б. есімді жігіттің денесін тапты", - деп мәлімдеді астананың полиция департаментінен.
Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ол тыныс жолдарының асфиксиясынан көз жұмған.
Тағы оқыңыз: Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды
Бұл фактіге қатысты қажетті сот-медициналық сараптама белгіленді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Елордалық жігіт 6 қыркүйек күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған еді. Оны іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды.