НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысын қызметінен босатты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
"Желіде жарияланған аудиожазбаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша министрдің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Күштібаев қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілде айында ішкі істер вице-министрі отставкаға кеткен болатын. Бұған да желіде жарияланған "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик себеп болды. Ер адам қызметкерлерге тіл тигізген.
Видеоның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірі жұртқа тіл тигізген Махамбет Әбісатов екенін көрсетті.
Тағы оқыңыз: Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды
Әріптестеріне тіл тигізген ішкі істер вице-министрі жұмыстан кету туралы өтінішті өзі тапсырды.