НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық "Астана" клубы Англияның "Манчестер Юнайтедіне" қарсы қонақта өткен матчта ұтылып қалды. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Кездесудегі жалғыз голды екінші таймның соңына қарай, 73-ші минутта Мейсон Гринвуд соқты.
Ойын 75 мың көрермен сыятын әйгілі "Олд Траффорд" аренасында өткен. Ұлыбританияда тұратын екі жүздей қазақстандық "Астана" клубына жанкүйер болуға барды.
Кездесу аяқталған соң "Астананың" бас бапкері Роман Григорчук қарсыластардың өзі күткендей ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті. Бапкердің өз футболшыларына өкпесі жоқ екен.
Бірінші турдан кейін "Астана" L тобында соңғы – төртінші орында тұр. Командалар топта былай орналасты: "Манчестер Юнайтед" — 3 ұпай, "АЗ Алкмаар" — 1, "Партизан" — 1, "Астана" — 0.
"Астана" футбол клубының "Манчестер Юнайтедке" қарсы қарымта матчы Нұр-Сұлтанда 28 қарашада өтеді.