Саясат

Тоқаев Қарағанды облысының жаңа әкіміне қандай міндет жүктегені белгілі болды

Асқар Мамин Жеңіс Қасымбекті Қарағанды облысының активіне таныстырып, ел басшылығы қандай міндеттер қойып отырғанын жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды облысының активіне жаңа әкім Жеңіс Қасымбекті таныстыра отырып, оның бай тәжірибесі мен жоғары біліктілігін атап өтті. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты жазды.

"Жаңа әкімнің алдына өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша салмақты міндеттер қойылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Жеңіс Қасымбектің осы жоғары сенімді ақтайтынына сенімдімін", — деді А. Мамин.

Премьер-министр осыған дейін әкім болған Ерлан Қошановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Жеңіс Қасымбек туралы не білеміз?

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, министрі болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Отбасы жағдайы

Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы - Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.