НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келмейтінін ашық айтты. Оның сөзін The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-де жариялады.
Альварес бұл туралы орташа ауыр салмақтағы WBO чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 KO) кездесуіне арналған баспасөз мәслихатында айтқан. "Канело" ресейлік боксшымен 2 қарашада Лас-Вегаста кездеседі.
"Канело" Головкинмен ісі біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға құлқы жоқ екенін айтты", - деп жазды Коппинджер.
Сондай-ақ Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның айтқан сөзіне пікір білдіріпті. Бұған дейін промоутер "Канелоның" Головкинге қарсы жекпе-жегі келесі жылы болады деген еді.
"Оскар қайдағы-жоқты айта берді", - деді мексикалық боксшы.
Тағы оқыңыз: Де ла Хойя GGG - "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады
Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы кәсіби рингте екі рет кездесті. Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде төрешілердің шешімімен теңбе-тең аяқталып, үлкен дау-дамай тудырса, бір жыл бұрын мексикалық боксшы жеңіске жетті. Сөйтіп қазақстандық карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, титулдарынан айырылып қалған.
GGG рингке 5 қазанда оралады, Нью-Йорк қаласында украин боксшысы Сергея Деревянченкомен жұдырықтаспақ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қанжығасына байлайды.