НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Марат Тәжинді қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Марат Тәжин мемлекеттік хатшы қызметіне 2019 жылдың 24 наурызында тағайындалған болатын.