Әлем

Cегіз жасар бала анасын ажал аузынан алып қалды

Әйел шоколад жеген соң қатты аллергия басталып, бірден ауруханаға жеткізілген. Өзін баласы құтқарып қалғанын айтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Англияның Флинтшир қаласында сегіз жасар бала анафилаксиялық шок болған анасын құтқарып қалды, деп хабарлайды Daily Mirror.

Екі баланың анасы, 34 жастағы Дженнифер Лэмб баласымен бірге үйде болған. Әйел шоколад жеген соң бірден қатты аллергиялық реакция басталған. Ол тұншыға бастапты. Әйел заттарды жан-жаққа лақтырып, дыбыс шығаруға тырысқан.

Уильям анасының жанына жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған.

"Баламның не деп айтқанын дұрыс ести алмадым. Анам дем ала алмай жатыр дегенін ғана естідім", – дейді әйел. 

Бала дәрігердің айтқанын істеп, анасын еденге жатқызып, басын көтерген. Әйелдің тыныс жолдары біраз ашылған. Кейін 8 жасар бала есікті ашып, жедел жәрдемді күткен.

Тағы оқыңыз: Құрсағындағы сәбидің жынысын білуге барған бойжеткеннің зәресі ұшты 

"Дәрігерлер он минут ішінде келді. Бірақ менің өмірімді Уильямның құтқарғаны анық. Ол - менің қаһарманым. Бірақ мақтаған кезде ұялып қалады", - дейді келіншек.

Әйел бірден ауруханаға жеткізілген. Аллергияның нақты себебі анықталады.