Өңірлер

Павлодарда коммуналдық қызмет жұмысшысы жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Жігіт жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанда, құбыр жарылып кетіп, қатты су ағыны жұмысшыны алып кетеді. Ол оқиға орнында қаза болды
Sputnik

ПАВЛОДАР, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда кәріз жүйесін жөндеп жатқан коммуналдық қызмет жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға 11.00 кезінде 1 мая және Ломов көшелерінің қиылысында болған. Марқұмның әріптестері хабарлағандай, жұмыс кезінде қатты қысымнан құбыр жарылып, кәріз суының қатты ағыны 22 жастағы жұмысшыны алып кетіпті.

Тағы оқыңыз: Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсті

Басқа жұмысшылар жігітті ес-түссіз күйінде алып шығып, тез арада жедел жәрдем шақырады. Оған алғашқы көмек көрсетілгенімен, Ақсу қаласының тумасы сол жерде жан тапсырды.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.