Өңірлер

Жылап, сөйлей алмаған: Алматыда көшеден бала табылды

Алматыда полицейлер көшеден бала тауып алды, бала мамандандырылған интернаттан қашып кетіп, анасына барғысы келген
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Дүйсенбі, 16 қыркүйек күні Алматыдағы арнайы интернаттардың бірінің сегіз жастағы тәрбиеленушісі анасын іздеуге өз еркімен кетіп қалған.

Бала адасып қалады, оны полицейлер Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында тауып алған. Бала жылап, тәртіп сақшыларына ештеңе түсіндіре алмаған.

"Біз баланың сөйлеу қабілеті бұзылғанын түсіндік. Алдымен оны тыныштандыруды ұйғардық: оны құшақтап, су, тәттілер сатып алып беріп, ес жиғанын күттік", - дейді жол-патрульдік полициясы қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы Елдос Айнақұлов.

Бала полицейлерге "Жас қанат" шағынауданында тұратынын хабарлаған. Тәртіп сақшылары кезекшіге хабарласып, бала жоғалғаны туралы ақпарат бар-жоғын анықтады. Оны ешкім іздемегені белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Түркістандық жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалған

"Біз сол шағын ауданға баруды ұйғардық. Сол жерде бала өзі тұратын пәтерді көрсетті. Есікті анасы ашты, ол баласының интернаттан кетіп қалғанын білмеген", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әйел баласының арнайы интернатта оқып жатқанын, оны үйге тек демалыс күндері алып кететінін айтты.