Фото

Шамалғандағы трагедия: апаттан кейінгі жантүршігерлік кадрлар

Sputnik

Машинист пойызды шұғыл тоқтатуға тырысқан, алайда қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жатқызылған.

Тағы оқыңыз: "Бәрі аш деп айқайлады": жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол апатын тергеу үшін арнайы комиссия құрды.

Төтенше оқиғадан кейін не болып жатқанын және жантүршігерлік апат орнын суреттерден көре аласыз.

1 / 12
Жедел жәрдем станциясына апат туралы хабар 19.26-да түскен. Он бес минут ішінде оқиға орнына тоғыз жедел жәрдем көлігі жетті.
2 / 12
Машинист пойызды тоқтатуға тырысқанымен, арақашықтық қысқа болғандықтан, апаттың алдын алу мүмкін болмады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
3 / 12
Соқтығысқаннан кейін автобус жолдан ұшып кетті, ал электровозға зақым келгенімен, вагондар рельстен шыққан жоқ.
4 / 12
Электровоз ауыстырылғаннан кейін пойыз бір сағат 38 минут кешігіп, сапарын жалғастырды. Пойыз жолаушылары зардап шеккен жоқ.
5 / 12
Қазір дәрігерлер үш зардап шегушінің өмірі үшін күресіп жатыр: апат салдарынан екі бала жабық бассүйек-ми жарақатын алып, 33 жастағы әйелдің миы шайқалған.
6 / 12
Жантүршігерлік апат салдарынан зардап шеккен балалар комада жатыр.
7 / 12
"Пойыз жақындағанда теміржол өткелінде автоматты түрде дабыл қосылды. Дыбыс сигналы берілді. Сол жердегі бағдаршамның қызыл түсі жанды. Алайда шлагбауым толығымен түскен жоқ. Себебі өткелде көліктер тұрған. Осы кезде автобус өткелдің үстіне келіп, кептелістің салдарынан тұрып қалды", - деп мәлімет берді министр Роман Скляр.
8 / 12
Жүргізуші бірден артқы есікті ашып, 16 адам автобустан сыртқы шығып үлгерген. Апат кезінде көліктің ішінде төрт адам болған
9 / 12
Қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылған.
10 / 12
Шамалған станциясындағы апаттан кейін түсірілген фото.
11 / 12
Шамалған станциясындағы апаттан кейін түсірілген фото.
12 / 12
Шамалған станциясындағы апаттан кейін түсірілген фото.