Қоғам

Күн +35°C дейін ысиды: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК 17-19 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам ұсынды. Атмосфералық ағымдардың әсерінен батыс облыстарда күн салқындайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, Иран аймағынан ығысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +25…+30°С дейін, кей жерлерде +35°С дейін жоғарылайды.

"Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жауса да, күн жылы болады. Күндіз сынап бағанасы +20…+28°С дейін жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Тек батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен күн салқындайды.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 17 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз ауа температурасы +21°C, түнде +14°C жылы.
  • 18 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +25°C, түнде +15°C.
  • 19 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +24°C, түнде +16°C жылы болады.

Алматы

  • 17 қыркүйекте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21°C, түнде +13°C.
  • 18 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Сынап бағанасы күндіз +24°C, түнде +14°C көрсетеді.
  • 19 қыркүйекте де күн ашық, ауа температурасы +28°C ыстық, түнде +19°C жылы.

Шымкент

  • 17 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы күндіз + 26°C, түнде +14°C.
  • 18 қыркүйекте де ауа райы жауын-шашынсыз, сынап бағанасы күндіз +29°C ыстық, түнде +16°C көрсетеді.
  • 19 қыркүйекте күн ашық, күндіз +32°C ыстық, түнде +17°C жылы.