НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Танымал әнші әрі актриса Рианна Нью-Йорктегі қайырымдылық концертінде аяғы ауыр екенін халықтан жасырған жоқ. Мұны бірден байқаған тыңдармандар Твиттерде әртістің жүктілігін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Халайық, Рианнаның аяғы ауыр!", "Бұдан әрі жасыра алмайды", "Рианна жүкті, бірақ әкесі мен емеспін", — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Бірақ біраз тыңдарман әншінің сахнада шампан ішкенін байқап қалыпты, олар Рианнаның аяғы ауыр емес дегенді алға тартады.
Тағы оқыңыз: Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды - видео
Әртістің өзі жүктілігі туралы да, Сауда Арабиясының миллиардері Хасан Джамильмен қарым-қатынасы жайлы да ештеңе айтпады.
Ғашықтар ара қатынасын жасырып жүрген сияқты. Бірақ екеуін Лос-Анджелесте бірнеше рет суретке түсіріп алған.