НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі көлігінде отырған жолушыны соққыға жықты. Екеуі сөзге келіп қалып, ер адам 31 жастағы қызға тап берген, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жанұшыра айқайлаған қызға жақын маңда жүрген полицейлер көмектескен.
"Таксиде отырған қыздың айқайлап жатқанын естіген полицейлер оқиға орнына дереу жетеді. Белгілі болғандай, екеуінің арасында ұрыс шығып, такси жүргізушісі жолаушыны соққыға жыққан", - деп хабарлады полициядағылар.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері такси жүргізушісін полицияға жеткізген. 52 жастағы ер адамның үстінен әкімшілік іс қозғалады.