НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізіп,америкалық боксшы Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық боксшы (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақтағы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Харсан бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал кейін үзілісте америкалықтың бапкері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Ескендір кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Очаоа алғаш рет жеңіліп қалды.
Айта кетсек, 22 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жеті жекпе-жекте екі чемпиондық белбеуді жеңіп үлгерді: 2017 жылы қыркүйекте екінші жеңіл салмақта WBB титулын иеленсе, өткен жылдың желтоқсанында WBC Intercontinental жастар белбеуін жеңіп алды.