14 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ("Хан Шатыр" сауда орталығының жанындағы алаң).
11.00 – Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты. Оған 100 шақты ел, 900 атлет қатысады, қалаға 10 мыңдай жанкүйер жиналады ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).
12.00 –"Чудный сон" балаларға арналған спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 5).
АЛМАТЫ
10.00 - Pizzamaker.kz – I қазақстандық пицца фестивалі ("Алма-Ата" ойын-сауық және сауда орталығы, Назарбаев даңғылы, 223. Байланыс телефондары: +7 (700) 022 09 30, +7 (777) 227 54 97).
16.00 - "Gakku Дауысы" қазақстандық музыка фестивалі. (Астана алаңы, Толе би көшесі, 59).
17.00 - "Африка ырғақтары" фестивалі. Шара барысында африкандық билер орындалады. Djambe club тобы өнер көрсетеді. Танымал Baraban.kz та келеді. (Алматылық Арбат. Байланыс телефондары: +7 (707) 454 28 28).
18.00 – Almaty Film Festival ашылуы. Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстанның киноиндустриясын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).
АРЫС
2019 жылы 24 маусымда Арыста әскери борышын атқару кезінде қаза болған әскерилердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылады. 11.30 – Шымкент қаласында журналистерді Тәуке хан даңғылы, 9, 6 үй мекенжайы бойынша жинайды. (Байланыс телефондары: +7 (7172) 72 18 69, +7 (7172) 72 15 59).
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
11.00 – қазақтың танымал ақын-жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл және Жаңарқа ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтеді. Кәсіпкерлердің бастамасымен Атасау аулының "Қарауыл-төбе" алаңында бір уақытта 10 литр қымыз жасалады. Осы оқиғаны Гиннестің рекордтар кітабына тіркеу жоспарланып отыр. (Атасу ауылы, телефон: +7 (778) 078 22 02)
15 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.00 – TEDxAstana ғылыми-танымдық конференция. Тақырыбы – Under One Sun. TEDxAstana конференциясы TED қорының арнайы лицензиясы бойынша ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты – Қазақстанда тың идеяларды тауып, оны жан-жақты тарату. (Байланыс телефондары: +7 (701) 486 05 11, +7 (775) 855 4020).
12.00 - "Музыка рисует и рассказывает" балаларға арналған концерті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).
12.00 – "Дұрыс тамақтану және отбасы бақыты" семинары ("Көрме" орталығы, Достық көшесі,3).
АЛМАТЫ
08.00 – Триатлоннан іріктеу чемпионаты. Оған 7-23 жас аралығындағы спортшылар қатысады. Мәселен, "Акватлон" дистанциясына (жүзу - 50 м, жүгіру - 1 км) 7-9 жастағы балалар шығады. Осы іспетті тағы бір жарысқа (жүзу-100 м, жүгіру-2 км) 10-12 жастағы спортшылар қатысады. Ал 13-23 жастағылар "Триатлон-суперспринт" дистанциясында күш сынасып көреді (жүзу - 300 м, вело - 8 км, жүгіру- 2 км). Өтетін жері - "Алматы Арена" кешені.
18.00 – I Алматы халықаралық опера-симфониялық дирижерлардың конкурсына қатысушылардың гала-концерті. (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефондары: +7 (727) 291-83-43).
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
11.00 – Каспий жағалауы елдері эндохирургтарының конгресі өтеді (Ақтау қаласы, 34 шағын аудан 1/1, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйі, байланыс телефондары + 7 777 233 45 62, + 7 705 305 21 12).
11.00 - "Бір дәуірдің екі данышпаны: М. Ю. Лермонтов и Т. Г. Шевченко" көрмесі. Аталған шара осы екі ақынның 205 жылдығына арналады. (Дом Дружбы, 34 микрорайон, 1/1. Контактный телефон: +7 (701) 054 71 77).
16 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.30 – Білім беру мәселелеріне арналған II Евразиялық форумы. Биылғы жиынның тақырыбы - "Цифровизация арқылы трансформация: университеттер мен сапаны қамтамасыз ету жүйелері". Осы жолы спикерлердің қатарында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа агенттіктері реестрінің басшысы (EQAR) Карл Дитрих және Ұлыбританияның аккредитациялық агенттігінің атқарушы директоры Дуглас Блэксток. ("Астана" Халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, С 4.4 павильоны. Аккредитация +7 (7172) 27 24 91 телефоны немесе abeldinova@iqaa.kz электронды пошта арқылы жасалады).
АЛМАТЫ
10.00 - непалдық әнші Ани Чоинг Дролманың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді (Grand Tien Shan Hotel, "Алматы" шағын мәжіліс залы, Бөгенбай батыр көшесі, 115. Аккредитация мына сілтеме арқылы жасалады).
11.00 – Тұрақты даму үшін қоршаған орта бойынша Орталық Азияның көшбасшылық бағдарламасының 10 жылдығына арналған брифинг. Шараның ашылуына дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, БҰҰ-ға қарасты ұйымдар. (Almaty қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефондары: +7 (707) 840 07 91)
17 қыркүйекке жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
Непал елінің танымал әншісі Ани Чоинг Дролманың концерті. Ол Гималайда тұратын үздік әнші болып танылды. Буддаға сыйынатын монах әйел өзінің таза әрі шебер дауысымен әлем бойынша біраз тыңдарманның сүйікті әншісіне айналды. 2014 жылы сәуір айынан бастап ЮНИСЕФ-тің елшісі болып саналады. Концерттің арнайы қонағы: Чоклинг Терсар бағытына жататын жетекші ламалардың бірі - Лама Тензин Сангпо.
18 қыркүйекке жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
11:00 - "Көлік және логистика нарығы" тақырыбында II Халықаралық конференция өтеді. Биыл қатысуышалар көлік саласын дамытудың біраз мәселесін талқылайды. Соның ішінде әуе жүк тасымалы, автокөлік инфрақұрылымын жетілдіру, контейнерлік тасымал саласындағы негізгі өзгерістер, цифровизация және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары бар. ("Атакент" орталығы, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефондары: +7 705 30 80 444, +7 747 441 50 25).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.