Әлем

Екі жасар қыз анасын абайсызда қылқындырып өлтірді

Ер адам әйелін ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Әйел ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Әйел баласын ашық тұрған терезеден сыртқа шығарғысы келген, осы кезде қыз әйнек көтергіштің түймесін абайсызда басып жіберген, деп хабарлады Беларусьтің Брест облысы бойынша тергеу комитетінің өкілі Дмитрий Иванюк.

Көлік әйнегі қысып қалған келіншекті күйеуі ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. Оны ауруханаға жеткізді, дәрігерлер оның өмірі үшін бір апта бойы күрескен. Бірақ құтқара алмады, 7 қыркүйекте 20 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел екі жасар қызын көліктен ашық терезе арқылы шығармақ болған. Осы кезде қыз әйнек көтергіштің түймесін басып жіберуі мүмкін", - деді Дмитрий Иванюк.

Тергеу комитетінің Брест ауданаралық бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Қазақстанда бала құлыпталған көліктен құтқарылған болатын. Ол кезде төрт жасар қыздың анасы есін жоғалтып, бала көлік орындығында түймеленген күйі қалған. Бала әжесімен телефон арқылы сөйлесіп, не болғанын айтып береді, содан кейін құтқарушылар мен полиция қызметкерлері көмекке келген.