Оқиға

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

Қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізіп, рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті арнайы операция кезінде этникалық қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар көп уақыттан бері бизнесмендерді қорқытып, ақша мен мүлік бопсалап келген. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

"10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден ойдан шығарылған қарызын қайтару үшін "Toyota" автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталды", - делінген ресми хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

Топ мүшелерін ұстау кезінде 11 оқ-дәрісі бар "Макаров" тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.