Оқиға

Асханада жаппай төбелес болды: "МаңғыстауМұнайГаз" видеоға түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде таралған видео басқа елде түсірілген болып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Желіде асханада жұмысшылар арасында болған төбелестің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видео әлеуметтік желілердегі парақшаларда таралып кетті. Олардың кейбірінде төбелес Маңғыстау облысында болғаны айтылған. Алайда "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясының өкілдері мұны жоққа шығарды.

Теңіздегі төбелес: полицейлер басты күдіктіні ұстады 

"Бұл видео біздің кәсіпорында түсірілген жоқ. Біріншіден, біздің жұмысшылар мұндай форма кимейді. Екіншіден, асханамыз видеодағыдай жабдықталмаған. Бұл видео басқа елде түсірілген болуы мүмкін", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.