Өңірлер

Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді – видео

Қыз бен жігіттің екеуі де колледжде оқиды. Жігіт қызды алып қашқан, қалыңдық үйіне қайтып оралуды ұят деп санады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда он бестегі жасөспірімдердің үйлену тойы өтті. Жігіт қызды алып қашқан. Ал қалыңдық үйге қайта оралу ұят болады деп шешкен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстауда 13 жастағы қыз бен жігіт үйленді деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл мәлімет расталмады.

Тағы оқыңыз: Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео

Қазақстанда тек 18 жастан бастап неке қиюға болады. Кейбір себептерге байланысты некені тіркеуші орган бұл шекті екі жылға төмендете алады. 18 жасқа толмағандар арасындағы неке ата-аналарының жазбаша түрдегі келісімімен ғана рұқсат етіледі.

ӨңірлерВидеоқызүйлену тойыАқтау