Әлем

Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты

Ерлі-зайыпты шілде айында ажырасуға арыз жазыпты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші әрі кинопродюсер Михаил Ширвиндт 30 жыл отасқан әйелі Татьяна Морозовамен ажырасты, деп жазады РИА Новости.

Ерлі-зайыпты шілде айында ажырасуға арыз жазыпты.

Іс жабық режимде қаралып, 5 қыркүйекте некені бұзу туралы шешім шыққан. Бір қызығы, ерлі-зайыптының екеуі де сот тыңдауына келмепті.

Тағы оқыңыз: Төртінші рет әйел алған танымал актер төрт күннен соң келіншегін тастап кетті

Сөйтсе, Ширвиндт пен бұрынғы әйелі сот ісіне араласқысы келмейтінін жеткізіп, ажырасу мәселесін өздерінсіз шешуді өтінген көрінеді.

Еске сала кетсек, Михаил Ширвиндт "Дог-шоу "Я и моя собака" және "Хочу знать" бағдарламаларын ұзақ жылдар бойы жүргізген. Қазір оның саяхат пен ас пісіру туралы YouTubе арнасы бар. Ширвиндттің роликтерін 80 мың қолданушы тамашалайды.