НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек— Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7 қыркүйек, сенбі күні Ресейге барды, деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің павильонына барады. Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндерін ашады.
Шара сенбі, 7 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні ВДНХ-ның басты сахнасында мерекелік Гала-концерт болады, деп жазылған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтында.
Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндері
ВДНХ-ның басты сахнасында "Астана балет" театрының солистері өнер көрсетеді.
"Голос.Дети-4" (Украина) теле жобасының жеңімпазы Данэлия Төлешова ән шырқайды деп күтіліп отыр.
9 -11 қыркүйек күндері Мәскеу алаңында қазақстандық фильмдер көрсетіледі.