НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі болып Мақсат Ибағаров тағайындалды.
Бұл қызметте ол Жаңаөзен қаласының әкімдігін 2017 жылдың желтоқсан айынан бері басқарып келген Әділбек Дауылбаевты алмастырды.
Жаңаөзеннің жаңа әкімі туралы не білеміз
Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров 1970 жылы туған. Жоғары білімді, Есенов атындағы Ақтау университетін мұнай және газ кен орындарын пайдалану мамандандығы бойынша бітірген. Тау-кен инженері біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1992 жылы наурызда "Өзенмұнай" МГӨБ жерасты ұңғымаларын жөндеу операторы болып бастады. Осы уақытқа дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.
Соңғы атқарған қызметі – "Өзенмұнайгаз" АҚ-да бас директордың көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Тағы оқыңыз: Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингіге қатысты түсініктеме берді