НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. Россельхознадзор ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Қазақстаннан баратын бірқатар өнімге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейлік мамандар "Зенченко и К" сүтінде қауіпті бактерия - ішек таяқшаларын тапқан.
"5 қыркүйектен бастап ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың федералдық қызметі Армениядан келетін "Гойтекс" өнімдері мен қазақстандық "Зенченко и К" өнімдеріне уақытша шектеу қояды. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ пен Россельхознадзор талабының қайта бұзылуына байланысты", - деп жазылған хабарламада.
Ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Россельхознадзор зертханалық бақылауды күшейтті.
"Вest Milk", "SMAK-PV" және "Арал" сервистік дайындау орталығы" ЖШС-нің өнімдері жіті тексерістен өтеді. Сары май, жартылай дайын ет өнімдері мен балықты дайындау кезінде де арнайы талаптар сақталмаған.
Тағы оқыңыз: Сүт адам денсаулығына қауіп төндірмеу үшін не істеу керек?
Айта кетсек, "Зенченко и К" шаруа қожалығының өнімдері сұранысқа ие. Компанияны 20 жыл бойы Еңбек ері Геннадий Зенченко басқарған. Ол 2016 жылы қайтыс болды.