Өңірлер

Қайын апасына смс жіберген Атырау облысының тұрғыны жауапқа тартылды

Оқиға Атырау облысындағы Жылыой ауданында болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы Жылыой аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.

Ол телефон арқылы қайын апасына намысы мен ар-ожданына тиетін ауыр сөздер жазған. Бұл сот отырысында белгілі болды.

Хабарлама жіберген тұрғын сот процесі барысында кінәсін мойындағанына қарамастан, судья жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: Енесін пышақтап өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Қайын апасына хабарлама жіберген әйел ҚР әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылып, 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.