Саясат

Мемлекеттік Думаның төрағасы Қазақстанға келеді

Ресей депутаттарының делегациясы Нұр-Сұлтанда Еуразия құрылығындағы интеграция процестерінің алға ілгерілеуін талқылайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин Нұр-Сұлтанда биыл қыркүйекте өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне қатысады. Бұдан бөлек, саясаткер айдың екінші жартысында Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр, деп жазады РИА Новости.

Мемлекеттік Думаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Володин Өзбекстанға 16 қыркүйекте барады. Онда жергілікті парламент мүшелерімен келіссөздер және ел билігімен кездесулер жоспарланған.

Тағы оқыңыз: ЕАЭО бизнестің мүддесін ескереді - Еуразиялық экономикалық комиссия

Ресей Федерациясының Федералды жиналысының төменгі палатасының баспасөз қызметі атап өткендей, 23-24 қыркүйекте Володин бастаған Мемлекеттік Дума делегациясы Нұр-Сұлтанда Еуразия құрылығындағы интеграция процестерінің алға ілгерілеуін, оның ішінде экономика саласындағы жан-жақты жобалардың жүзеге асырылуын, цифрлық экономика мен елдердің цифрлық суверенитетін дамытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылайды.