НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Елордалық полиция департаменті Нұр-Сұлтандағы барбершоптардың бірінде болған оқиғаның видеосына қатысты түсініктеме берді.
Telegram-дағы @jexennews каналында үш шаштаразды бір-бірінің шашын алғызуға мәжбүрлеген наразы клиенттің видеосы жарияланып, әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті.
Тағы оқыңыз: Алматыда университет оқытушысы бойжеткенді соққыға жықты
Ал кейінірек шыққан тағы бір видеода әбден соққыға жығылған әлгі клиент шаштараздардан кешірім сұрап тұр.
Елордалық департамент баспасөз қызметі атап өткендей, кикілжіңнің барлық қатысушысы анықталған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.