Спорт

Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды

Жас спортшы жілік майы дертіне шалдыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. "Тобыл" клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайтында хабарланды.

Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды

Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.

Тағы оқыңыз: 24 жастағы екі дүркін Қазақстан чемпионы көз жұмды

"Николай Жуков бірнеше маусымды "сары-жасылдардың" қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. "Тобыл" футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады", - делінген қазанамада.

"Тобылдың" экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.