Өңірлер

Әлемге танымал кинорежиссер Шымкенттегі өзі оқыған мектепке келді

"Айка" фильмінің режиссері Сергей Дворцевой балалық шағын еске түсірді    
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Танымал кинорежиссер Сергей Дворцевой Шымкенттегі өзі оқыған мектепке 40 жылдан кейін келіп, балаларды жаңа оқу жылынаң басталуымен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Самал Еслямова түскен фильм Германияда бас жүлдені жеңіп алды 

Кинорежиссер №29 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің ішін аралап, өзінің бұрынғы сыныбына кіріп, бала кездегі естеліктерімен бөлісті.

"Мен мұнда 1979 жылдан бері болмадым, бұл жердің иісі де баяғыша. Мектепте бұзық та болдық, сабақтан қаштық, бұның бәрі өтті ғой енді. Мен Шымкентте тұрмасам да, бұл қала маған ыстық. Өйткені анам, достарым, жақындарым осында", - дейді Сергей Дворцевой.

Сергей Дворцевой – қазақстандық және ресейлік кинорежиссер. 2000 жылғы "Ника" сыйлығының лауреаты. 2008 жылғы Канн кинофестивалінің лауреаты. Қазақстандық көрермендерге "Айка» фильмі арқылы танымал болды. Фильм 2018 жылдың мамырында 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің басты конкурстық бағдарламасына қатысты, онда қазақстандық актриса Самал Еслямова ең үздік әйел рөлі үшін жүлде алды.